Орталық жаңалықтары

You are here

Назар аударыңыз! Арнайы ұсыныс!

Құрметті отандастар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні – ұлттық мейрамына жылы да шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!ЖАЗЫЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР! 2017 жылға жазылу науқаны 2016 жылдың 25 желтоқсаныңда аяқталады

 

Мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!
Мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Елбасы басшылығымен Қазақстан ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырып, өз тарихында жаңа бір қадам жасады.
Бұл тарихи таңдау әрі қарай республикалық мемлекеттілікті қалыптастырудың, егеменді Қазақстанның незіндерін құру және нығайтудың кепілі болған демократиялық қайта жаңғыртуды анықтады.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жаңа кеңсеге көшуіне орай, НҚА-ларды «Әділет» АҚЖ-да ресми жариялауға қабылдау келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
«Astana Tower» БО, Самал ш.ауд. 12, тел. +7 (7172) 575187, ұялы тел. +7 778 919 26 99
 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

2016 жылдың 01 қарашасынан бастап ҚР ӘМ «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жаңа мекенжай бойынша орналасады: Астана қ., Самал ш.ауд. 12, “Astana Tower” бизнес-орталығы.

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметінің 2016 жылғы 31 қазанда жаңа кеңсеге көшуіне байланысты жұмысында кідіріс болу (тел. 119) мүмкіндігіне назарларыңызды аударамыз.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

 

Құрметті әріптестер! Қадірлі әділет органдарының ардагерлері!

Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтайды!

Бұл мереке Заңның рухына және әрпіне қызмет ететін, әділдік ұлықтығын сөзімен және ісімен бекітетін, конституциялық негіздердің дербестігін қамтамасыз ететін заң қауымдастығының барлық өкілдерін біріктіреді.

Бұл күн Қазақстан Республикасы әділет органдарының сан мыңдаған қызметкерлерінің мерекесі, олардың мемлекеттің және азаматтардың игілігіне қарапайым әрі сұранысқа ие еңбегін қоғамның мойындауы  болып табылады.

«РҚАО» РМК 2016 жылғы 24 қыркүйектегі сенбілікке белсенді қатысты

ҚР ӘМ «Республикалық құқықтық ақпарат ортылығы» РМК қызметкерлері 2016 жылғы 24 қыркүйекте «Көше көркі - Астана көркі», «Қоршаған ортаны аялайық!», «Астана - әсем қала!» атты ұранмен жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты. Осы шара қаланы көріктендіру, жасылдандыру және санитариялық тазалау бойынша экологиялық айлық науқан шегінде ұйымдастырылды.

Жинау ҚР Әділет министрлігіне бекітілген аумақта жүргізілді. Ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан барлығы тату-тәтті және үйлесімді жұмыс істеді.

 

«РҚАО» РМК өкілдері ҚР Әділет министрлігі қызметкерлерінің Thomson Reuters компаниясымен кездесуіне қатысты

14 қыркүйекте «РҚАО» РМК өкілдері ҚР Әділет министрлігі қызметкерлерінің Thomson Reuters компаниясымен кездесуіне қатысты.

Thomson Reuters (Томсон Рейтер) талдамалы ақпарат, ақпараттық шешімдер және кәсіп пен кәсіби мамандарға арналған дерекқорларды жеткізетін жетекші медиакомпания болып табылады.

Компанияның негізгі қызметі қаржы нарықтары, зияткерлік меншік (патенттік сараптама, сауда таңбалары мен басқарушылық шешімдер жайлы деректер), зерттеулер, салық салу және бухгалтерлік есеп, юриспруденция және медиа салаларында қызмет көрсетумен байланысты.