Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімі

You are here

   Жоба туралы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімі - нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен осы актілер туралы басқа да ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесін білдіреді. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.

Интернет желісіндегі мекенжайы: http://www.zanorda.kz

   Жобаның паспорты

Ақпараттық жүйенің атауы: Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімі

АЖ операторы: РГП «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК 010000, Астана қ., Самал ш.ауд. 12, «Astana Tower» БО, E-mail: info@rkao.kz

Пайдалануға енгізген күні: :
2006 жылдың маусымы

Құру негіздемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 және 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы қалыптастырады.

  Төмендегі нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатады:

 «Қызмет бабында пайдалану үшін», «баспа үшін емес», «жария етуге болмайды» белгісі бар нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатады.

  «Ерекше маңызды», «өте құпия», «құпия» белгілері бар нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатпайды.

  ТАРИХЫ:

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 және 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулыларына сәйкес Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастырды. Мемлекеттік тізілімге нормативтік құқықтық актілердің деректемелері және басқа да анықтамалық-ақпараттық сипаттағы мәліметтер - құжаттың атауы, қабылдау нөмірі, қабылданған күні, әділет органдарында тіркеу нөмірі, әділет органдарында тіркеу күні, Мемлекеттік тізілімдегі нөмірі енгізіледі;

- 2006 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері Мемлекеттік тізілімінің Интернет нұсқасы әзірленді және енгізілді. http://www.zanorda.kz/ ;

- 2014 жылдың сәуірінде Мемлекеттік тізілім АЖ-ның жаңа онлайн-нұсқасы енгізілді. Алдыңғы нұсқадан негізгі айырмашылықтары: