Құрметті оқырмандар!

You are here

 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жаршысы» журналының кезекті нөмірі жарыққа шықты!

 

Осы шығарылым біздің елімізде болған ұлы оқиғалар кезеңінде әзірленді. Ол туралы журналдың бірінші парақтарында айтылады. Одан әрі            ҚР Әділет министрлігінде жаңа кәсіпорынды құру туралы маңызды ақпарат орналастырылған. Жалпы, біздің көзқарасымызша журнал қызықты жарияланымдарға толы.  Мысалы, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Сарпеков Рамазан Құмарбекұлы «Ақпараттық технологияларды пайдаланып құқықтық көмек көрсету» мақаласында смартфон арқылы қолжетімді жаңа бағдарламалық өнім туралы айтады.

Берілген мақалалардың бірінде ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі,  автор «ҚР заңнама бөлігі ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуді реттейтін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормалары» сипаттайды. Сондай-ақ «Еңбек дауы: құқықтық реттеудің перспективасы және кейбір қорытындысы» жарияланымы сіздердің назарларыңызды қызықтыруы мүмкін.

Заңнамалық шолу жөніндегі дәстүрлі парақша «Заң» ДБ » www.zan.kz онлайн нұсқасын пайдалану арқылы әзірленді.  Көбіне «Әділет кеңес береді» айдарындағы Қазақстан Республикасындағы  жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау саласына қатысты материал көпшілікке қызықты болады.

Осы шығарылымның жарияланымдары сіздердің назарларыңызды аударатынына сенімдіміз.

Журналдың толық нұсқасымен http://www.adilet.gov.kz/kk/leaflet/akparattyk-tehnologiyalardy-paydalanyp-kukyktyk-komek-korsetu-no3-28-2019сілтемесі бойынша таныса аласыздар.