"Конституция - еліміздің дамуының негізі" - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы" журналының кезекті нөмірінің басты тақырыбы

You are here

Құрметті оқырмандар! Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күнің атап өту қарсаңында «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналының кезекті нөмірі жарыққа шықты.
Бұл шығарылымның тақырыбы – ҚР ӘМ Республикалық құқықтық ақпарат орталығының директоры, ҚР Заңнама институтының директоры Р.Қ. Сәрпековтың «Конституция – еліміздің дамуының негізі» атты мақаласы.
«Редакция қонағы» айдарына біз адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы Конституциялық Кеңестің рөлінің нығаюы тұралы айтып беру үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі М.К. Бадалиевті шақырдық.
Бұл нөмірді біз қызықты шығарылымдармен толтыруға тырыстық. «Әділет кеңес береді» айдарына назарларыңызды аударамыз. Кеңестердің тақырыбы – пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК).
http://www.adilet.gov.kz/kk/leaflet/konstituciya-osnova-razvitiya-strany... сілтемесі арқылы журналдың толық мазмұнымен танысуға болады.