«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналының кезекті нөмірі жарыққа шықты

You are here

Құрметті оқырмандар! «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналының кезекті нөмірі жарыққа шықты.

Маңғыстау облысы авторының «Тілім - баға жетпес байлығым» атты мақаласы нөмір тақырыбы ретінде алынды, өйткені Үкімет қаулысына сәйкес жыл сайын 5 қыркүйек - қазақ филологиясының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні – Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтеді.

Сіздер журналдан ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының кейбір тармақтары бойынша түсініктемесін таба аласыздар.

Бұл шығарылым қызықты жарияланымдарға толы. Мысалы, «Блокчейн» технологиясы, әсіресе, оның жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу жөніндегі жұмысының қағидалары және әділет органдарының қызметінде оны қолдануы ұсынылған мақалалардың біреуінде автормен сипатталып отыр. «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдарының Интернет-порталы арқылы электрондық мемлекеттік тіркеу (МОИП)» атты жарияланым  Сіздердің назарларыңызды аударатын шығар.

Заңнамаға шолу бойынша дәстүрлі беттер «Заң» ДБ www.zan.kz онлайн - нұсқасының көмегімен дайындалған. «Әділет кеңес береді» атты айдарындағы денсаулық сақтау саласы бойынша материал көпшілікті қызықтырады.

Құрметті оқырмандар, бұл шығарылым сіздер үшін жаңа және қызықты болатынына үміттенеміз. Журналдың толық нұсқасымен http://www.adilet.gov.kz/ru/leaflet/tilim-baga-zhetpes-baylygym-no-524-2018 сілтемесі бойынша танысуға болады.