Құқықтық ақпараттық қызмет

You are here

2010 жылдың 5-ші қаңтарында Әділет министрлігі халыққа тегін және білікті заң қызметтерін көрсету мақсатында, Құқықтық ақпараттық  қызметті  құрды.

Байланыс

Тел.: +7(7172) 58-00-58

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, 09.00-ден бастап 18.30-ға дейін

Құқықтық ақпараттық қызметтің басшысы - Гүлжан Ырзағалиқызы Қасенова

Қызметтің негізгі міндеттері:
  • мемлекеттік органдар көрсететін қызмет бойынша халыққа консультациялық қызмет көрсету;
  • кұқықтық көмек, заңды түсіндіру бойынша жұмыстар, халыққа көрсетілетін заңдық қызметтің сапалылығын қамтамасыз ету;
  • халыққа анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету Қызмет беруге тиісті ақпарат аясында ғана жүзеге асады;
  • ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі, қызметкер тұтынушы сауалын жолдаған тілде жауап беруі қажет.
​Қызмет қолданыстағы заң және оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды атқарады:
  • өтініш берушілер Қызметке өтініш жасаған болса, оларға ақпараттық, консультациялық құқықтық көмек көрсету;
  • заңды құқықтары мен мүдделерін қолдану бойынша азаматтарды хабардар етуге жәрдемдесу;
  • қажетті ақпаратты уақытылы беруді қамтамасыз ету.
Міндеттер мен функцияларды іске асыру және орындау үшін Қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп әрекет етеді. Өзара әрекеттестіктің негізі болып Ереже, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламенті, нормативтік құқықтық актілер, сонымен қатар, РҚАО басқармасының шұғыл тапсырмалары болып табылады.