Әкімшілік басқармасы

You are here

РҚАО қызметін қамтамасыз ету және жұмысын ұйымдастыру саласындағы іске асыру әрекетін өз құзыреті шегінде жүзеге асырады, сондай-ақ кәсіпорын мен оның филиалдарын жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Басқарма құрамына Әкімшілік бөлімдері кіреді.

Әкімшілік бөлімі келесі қызметтер мен міндеттерді жүзеге асырады:

  • құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтардың ұсыныстары бойынша РҚАО-ның келешекке арналған және ағымды жұмыс жоспарларын дайындауды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • директормен өткізілетін кеңестер, кездесулердің дайындығын ұйымдастыру, материалдарын ресімдеу, кеңестердің хаттамаларын жүргізу және оларды тарату;
  • РҚАО бұйрықтарын және басқа да құжаттарын тіркеу және сақтау;
  • құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтардың кешенді тексеруін ұйымдастыру;
  • атқарушылық тәртібі бойынша Әділет министрлігінің бақылау қызметімен салыстырып тексеру жүргізеді және олармен іс жүргізуді жетілдіру мәселесі жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  • іс жүргізуді ұйымдастыру, хат-хабарды есепке алу және өңдеу, сондай-ақ құжат айналымына талдау жасау;
  • мемлекеттік тілді үйреніп жүрген қызметкерлерге қажетті жағдай туғызу, қазақ тілі оқытушыларын іріктеу, курстарды ұйымдастыру және олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру, ашық сабақтарды өткізуді ұйымдастыру;
  • РҚАО-ның негізгі қызметімен байланысты құжаттардың аударылуын жүзеге асыру, РҚАО құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері өздігінен әзірлейтін және мемлекеттік тілге аударатын құжаттарын редакциялау және бұрыштама қою;
  • ҚР Әділет министрлігі өткізетін, мемлекеттік тілді дамыту және ұлттық дәстүрге баурау мақсатындағы іс-шараларға РҚАО қызметкерлерінің белсенді қатысуын ұйымдастыру;
  • құжаттарды мемлекеттік тілде құрастыру бойынша тестілеу өткізу, тестілеу нәтижесі бойынша неғұрлым ерекшеленген қызметкерлерді ынталандыруға ұсыну;
  • РҚАО-дағы кадр саясатын әзірлеу;
  •  кадрлар резервін қалыптастыру және құру, сондай-ақ кадрлардың сандық және сапалық құрамы туралы деректер банкін жүргізу;
  • қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығаруды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес ресімдеу;
  • қызметкерлермен жеке еңбек шартын жасау;
  • қызметкерлердің еңбек кітапшаларын жүргізу, толтыру, сақтау;
  • қызметкерлердің демалыс кестесін әзірлеу және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының берілуін бақылау;
  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бекітілген кестеге сәйкес ресімдеу;
  • қызметкерлерден олар жасаған еңбек тәртібін бұзушылыққа байланысты жазбаша түсініктеме талап ету;
  • қызметкерлерді ынталандыруға ұсыну үшін материалдарды дайындау;
  • қызметкерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде материалдарды дайындау;
  • кадр мәселелері бойынша барлық есептілікті жүргізу;
  • РҚАО және аймақтық орган қызметкерлеріне аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру, аттестаттау нәтижесін талдауға қатысу;
  • РҚАО құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарындағы қызметкерлердің еңбек тәртібі және Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылау;
  • кадр бөлімінің іс жүргізу жөніндегі құжаттарын жүргізу;
  • қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • РҚАО-ның құқықтық жұмысын жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты өткізу және олар бойынша хаттамаларды жасау, РҚАО қызметінде туындайтын құқықтық мәселе бойынша қорытындыны дайындау.

Жүктелген негізгі міндеттер мен қызметтерді орындау үшін бөлімнің

  • РҚАО құзырына енетін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтар қызметіне бақылауды жүзеге асыруға;
  • белгіленген тәртіппен РҚАО құрылымдық бөлімшелері, аймақтық органдарынан бөлімге жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қажетті ақпарат пен материалды сұрауға және алуға;
  • РҚАО құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарының қызметкерлерін РҚАО директорының қызметін қамтамасыз ету және жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге тарту;
  • өз құзыреті шегінде РҚАО құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарына орындауға міндетті нұсқаулар беруге;
  • белгіленген тәртіпте, мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста, оның ішінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органмен, РҚАО атынан бөлімнің құзырына қатысы бар мәселелер бойынша өкілеттілікке;
  • бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша РҚАО қызметкерлеріне түсініктеме, нұсқаулар беруге;
  • РҚАО-да кадрлық іс жүргізуді және кадр есебін дұрыс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан, сондай-ақ РҚАО-да қызмет етіп жүрген барлық қызметкерлерден алғашқы құжаттарды уақтылы ұсынуды талап етуге;  
  • РҚАО-ның барлық қызметкерлерінен олардың өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында жіберген қателіктерін жоюды талап етуге;
  • кеңестерді ұйымдастыру және өткізуге, сондай-ақ РҚАО-да өткізілетін кеңестерге қатысуға құқы бар.

Шаруашылық бөлімі келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  • кәсіпорын мен филиалдарды жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және орындалуын қамтамасыз етеді;
  • шығыс материалдарын, ЖЖМ және басқа да тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуды қамтамасыз етеді; оларды есепке алу, қабылдау және берумен айналысады;
  • кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен оның филиалдарының қажеттіліктері жөніндегі өтінімдері бойынша материалдық құндылықтар партиясын жинақтайды;
  • қызметкерлерді кеңсе және шаруашылық керек-жарақтарымен қамтамасыз етеді;
  • барлық материалдық құндылықтардың тиісті есебін жүргізеді;
  • жыл сайынғы түгендеу өткізуге қатысады;
  • тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және беру, оларды орналастыруды ұйымдастырады, жиылып қойылатын  тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, олардың бүлінуі мен істен шығуының алдын алу мақсатында сақтау ережелерін қолданады;
  • өртке қарсы іс-шараларды қамтамасыз етеді, жылу мен электртұтынуды ұйымдастырады.