Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету

Мемлекет басшысының студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігімен Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бекітілген.

Мемлекеттік тапсырыс - студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханаларда жаңа орындарды енгізуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер үшін ақшалай төлемдер болып табылады.

Оператор жыл сайын ағымдағы қаржы жылының қаңтар айында жасалған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарттары (бұдан әрі - шарт) негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыс мөлшерінің есептеулерін ұсынады.

Студенттерге арналған жатақханалардың құрылысы бойынша оператор болып ҚР БҒМ «Финансовый центр» АҚ анықталды.