ҚР құрылыс нормалары

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 131-нқ бұйрығымен ҚР құрылыс нормалары бекітілген. Құрылыс нормалары көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттарына, бір пәтерлік тұрғын үйлерге, қонақ үйлерге қолданылады.

«Көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттары» құрылыс нормалары биіктігі 75 метрге дейін қоса алғандағы қайта салынып жатқан және қайта құрылатын көппәтерлі тұрғын үй ғимараттарын, пәтер үлгісіндегі жатақханаларды, сондай-ақ басқа функционалдық мақсаттағы ғимарат үй-жайларының құрамына кіретін, ұзақ уақыт тұруға арналған тұрғын үй-жайларды жобалауға және салуға арналған талаптарды белгілейді.

«Бір пәтерлік тұрғын үйлер мен олардың инженерлік жүйелерін жобалау» құрылыс нормалары адамдардың тұрақты тұруына арналған бір пәтерлі тұрғын үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін (бұдан әрі – үйлер) жобалау үшін жер учаскесін жоспарлауға, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

«Қонақ үйлерді жобалау» құрылыс нормалары қонақ үйлер ғимараттарын орналастыруға, жер теліміне, көлемдік-жоспарлау шешіміне, инженерлік жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді.