Борышкердің жалақысы болмаған кезде алименттерді өндіріп алу тәртібі қандай?

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261 заңының 99-б. 1-т, 2-т 1-1-т), 3-т. сәйкес алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.
Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
Берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады.
Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде алған не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi.
Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерi негізге ала отырып айқындалады.