Нотариалды құжаттарда қалай қол қойылады?

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңының (бұдан әрі - Заң) 44-бабына сәйкес нотариат куәландырған құжаттың мазмұны қатысушылардың қалауы бойынша дауыстап оқылуы мүмкiн. Қатысушылар нотариус куәландырған мәмiлелерге, өтiнiштер мен басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қол қояды. Егер азамат дене кемiстiгi, ауруы немесе әлде бiр өзге себептер салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың құжатқа өзi қол қоя алмау себептерi көрсетiле отырып, мәмiлеге, өтiнiшке немесе өзге де құжатқа басқа азамат қол қоя алады.