Егер ата-аналар ресми некеде болмаса, балаға әке-шешенің атын беру мәселесі қалай шешіледі?

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 47-бабына сәйкес Баланың анасымен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамның әке болуы баланың әкесi мен анасының тіркеуші органға бiрлесiп өтініш беруі арқылы анықталады. Анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабiлетсiз деп танылған, анасының болған жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен баланың әкесiнiң өтініші бойынша, мұндай келiсiм болмаған кезде - сот шешiмi бойынша анықталады.

Әке болуды белгілеу туралы өтініш жазған кезде баланың тегі жалпы негізде ата-анасының тегі бойынша анықталады.