ЖШС басшысын ауыстырған кезде қайда бару керек?

Салық заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып, 2018 жылдан бастап, заңды тұлғаның басшысы туралы тіркеу деректерін «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында тіркеу әділетті органдар жүзеге асырады.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңының 2 - бабына сәйкес  Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:  

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;

заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.

Осылайша, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында заңды тұлғаның басшысы туралы ақпаратты жаңарту үшін тіркеу органына оның өзгеруін растайтын құжаттар қоса беріледі (мөрмен расталған уәкілетті органның шешімі, басшының жеке куәлігінің көшірмесі).