Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу

ҚР «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ Заңының 18-бабына сәйкес міндетті геномдық тіркеуге:

- ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123 және 124-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін сотталған адамдар;

- ашылмаған ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123 және 124-баптарында көзделген қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңында белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында биологиялық материалы алынған анықталмаған адамдар;

- танылмаған мәйіттер жатады.