Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.01.2021 ж. бастап қолданысқа енгізілетін 31.01.2018 ж. № 36 қаулысына сәйкес дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу Қағидалары бекітілген.

Жоғарыда көрсетілген қағидалар дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізуге, дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, пайдалануға, адамның жеке басын анықтауға немесе растауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

01.01.2021 ж. бастап жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде мынадай мәліметтерді қамтиды:

аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тегі;

туған күні және жері;

жынысы;

қай ұлтқа жататыны (иесінің қалауы бойынша);

азаматтығы;

фотосуреті;

қолдарының он саусағының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі;

құжат иесінің қолтаңбасы;

жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу күні және негізі;

құжатты берген органның атауы;

дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тегі.