Азаматтық бюджет

ҚР Қаржы министрінің 09.01.2018 ж. № 15 бұйрығымен бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары бекітілген.

Азаматтық бюджет азаматтарды бюджеттік процеске және салық салу мен шығындар бойынша мемлекеттік жоспарды қоғамдық түсіністікке тартуға бағытталған құралы болып табылады.

Азаматтық бюджеттің мазмұны қысқа, түсінікті, азаматтар үшін оңай ұғынылатын нысанда жазылады, оны жариялаған кезде инфографика, суреттер, схемалар, диаграммалар, кестелер және басқа да таныстыру нысандары пайдаланылады.  Көлемді материалдар машина оқитын форматта ұсынылады (мысалы, кестелер – Excel-де, мәтіндік материал – Word-та).