Әскери қызметшілерді әлеуметтік-құқықтық қамтамасыз ету

Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген заң әскери қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін жақсартуға арналған. Атап айтқанда, әскери қызметшілер:

- тұрғынжайды меншікке, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеумен немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып меншікке алу;

- тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу немесе кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;

- бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу;

- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;

- тұрғын үй және тұрғын үй-құрылысы кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;

- тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақтарды толықтыру;

- тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарында қолданады.