Азаматтардың құқықтарын қорғау

Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Өзгерістің бөлігі азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған, атап айтқанда – экономикалық қылмыстар бойынша қамау ретіндегі бұлтартпау шарасын қолданудың негізін қысқартуға; соттың санкциясынсыз азаматтарды ұстаудың 72 сағаттан 48 сағатқа дейін, кәмелетке толмағандарды 24 сағатқа дейін қысқартуға; азаматтардың өздеріне қатысты жүргізіліп жатқан жасырын тергеу әрекеттері жөнінде хабарлауға; адвокаттардың дәлелдемелерді жинақтау мен өтінішхаттарды беру өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған.

Өзгерісте қылмыстық іс жүргізуді үнемдеу мақсатында, электрондық форматқа көшу мен бұйрықтық іс жүргузу институтын ендіру қарастырылған.