Жалақының, зейнетақының және АЕК-тің ең төмен мөлшерi

Елбасы «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойды. Заңнамалық акт 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 28 284 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 15 274 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 33 745 теңге;

4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 405 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 28 284 теңге болып белгiленсiн.