Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.10.2017 ж. № 329 бұйрығымен «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 бұйрығына енгізілетін өзгерістер 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Енгізілетін өзгерістерге сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Өзгеріс шартсыз ақшалай көмек тағайындау тәртібі мен шартты ақшалай көмек тағайындау тәртібін нақтылайды.