Әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидалары

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 ж. № 416 бұйрығымен бекітілген Әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларына сәйкес Әуе кемесінің бортында жолаушы ретінде болатын тұлғаларға:

1) ұшақ жүргізу, биікке көтерілу және қону кезінде, өту жолында тұруға және салон бойынша жүруге;

2) қалған жолаушыларға қолайсыз немесе экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі жасайтын жағдайлар жасауға;

3) экипаж мүшелерінің тиісті нұсқауларынсыз авариялық-құтқару жабдығын пайдалануға;

4) ұшқыштардың кабинасына кіруге немесе кіруге тырысуға;

5) әуе кемесінің бортындағы басқа тұлғаларға қатысты сөзбен қорлау, күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру;

6) әуе кемесінің бортында стандартты қызмет көрсету шеңберінде ұсынылғандарды қоспағанда, бажсыз сауда дүкендерінде сатып алынғанын қоса алғанда, алкогольдік ішімдік ішуге;

7) экипаж мүшесінің рұқсатынсыз немесе нұсқауынсыз отырғызу талонында көрсетілген орыннан өзге орынға отыруға тыйым салынады.