Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.06.2017 ж. № 478 бұйрығымен Аударымдарды және жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері және Аударымдар және жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидалары бекітілді.

Көрсетілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылатын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінің 9, 10, 11, 12, 13-тармақтарын және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтар аралығында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы қағидалардың 27-тармағының 4), 5) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады