Жылжымайтын мүліктің болуы және болмауы бойынша анықтама қағазын алуға кімнің құқығы бар?

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабына сәйкес Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша (адвокаттардың; қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;сот орындаушыларының;мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың; нотариустардың, мұрагерлердің; оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);қорғаншылық және қамқоршылық органдарының; құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.

Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.