Егер, баланың ата-анасы баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күнінің өткізіп, баланың тууы туралы өтінішті тіркеуге тапсыруға үлгермесе, не істеу керек?

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу жөніндегі өтінішті тікелей тіркеуші органға немесе  баланың туылған мекен-жайы болмаса әкесінің  немесе анасының тіркеу мекен-жайы бойынша  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік үкімет» КЕ АҚ тапсырады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығының «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына»  сәйкес  баланың  тууын мемлекеттік  тіркеу жөніндегі өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі: 

1) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды);

3) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;

шетелдіктер қосымша:

5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы ұсынылады.

Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда мыналар:

6) ата-анасының түсініктемесі;

7) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екі айға жетпеген балаларды қоспағанда) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;

9) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат қоса берелді.

Үш күн өте баланың тууын мемлекеттік тіркеуге тапсырылған өтініші Қазақстан Республикасының Әділет Министрілігі белгіленген нысан бойынша тіркеу органы қабылдаған қортындысының негізінде жүргізіледі.