Жылжымайтын мүлік сатып-алу мәмілесін нотариуста жасамасақ болыды ма?

Қазақстан Республикасының азаматтық кодекстің 147-б. сәйкес  азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

Осымен бол тура, мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (ҚР АК 151-б. 1-т.) ҚР АК 155-б. 1-т. егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелген кезден бастап жасалған болып есептелетіні көрсетілген.

Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қойылған қолдарының растығын, олардың іс-әрекетке қабілеттілігін (құқықтық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерікті түрде жасалғандығын тексеруге міндетті. (пункт 4 статьи 21 Закона «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы » занының 21-б.4-т. )

Осылайша, азамат мәмлені жазбаша түрде

Сонымен қатар, ҚР АК 154-б. сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген жағдайларда жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп есептеледі.

Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық куәландыру туралы талаптарды сақтамау осы Кодекстiң 157-1-бабының 3-тармағында көзделген салдарлармен мәмiленiң маңызсыздығына алып келеді.

Егер нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiленi тараптар немесе тараптардың бiрi iс жүзiнде орындаған болса, ол өзiнiң мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшiншi жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүдделi тараптың арызы бойынша мәмiленi жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмiленi кейiннен нотариаттың куәландыруы талап етiлмейдi.