Борышкер Ресей Федерациясында кеткен жағдайда, сот шешімі қалай орындалады?

Ресей Федерациясының аумағында Қазақстан Республикасының сот актісі орындау үшін өз қарарында танып және күшпен орындауына рұқсат рәсімі  Минск конвенциясынын  азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск конвенциясына көрсетілген.

Конвенцияның 56-б. сәйкес шешiмдердi тану және орындау туралы өтiнiш пайдасына шешiм шығарылған тарап шешiм орындалуға жататын Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотына бередi. Ол бiрiншi сатыда iс бойынша шешiм шығарған сотқа берiлуi мүмкiн.

Осы сот өзiнiң шешiмiн тану және орындау туралы өтiнiштi өтiнiш бойынша шешiм шығаруға құзыреттi сотқа жiбередi. 

Өтiнiшке: 
а) шешiм немесе оның куәландырылған көшiрмесi, сондай-ақ шешiм заңды күшiне енгендiгi және орындалуға жататындығы туралы, немесе егер бұл шешiмнiң өзiнен туындамаса, ол заңды күшiне енгенше орындалуға жататындығы туралы ресми құжат; 
б) процеске қатыспаған қарсы шешiм шығарылған тараптың тиiстi тәртiппен және уақтылы сотқа шақырылғандығы жөнiндегi, ал оның iс жүргiзу қабiлетсiздiгi жағдайында тиiстi түрде ұсынылғандығы туралы құжат; 

в) оны жөнелту сәтiнде шешiмнiң iшiнара орындалуын растайтын құжат; 

г) шарттық соттылық iстер жөнiндегi тараптардың келiсiмiн растайтын құжат қоса тiркеледi.

Шешiмдi тану және орындау туралы өтiнiштiң және оған қоса тiркелген құжаттардың сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасы куәландырылып қоса берiледi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»2 004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1453 қаулысында  Конвенцияның ережелерiн орындау  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) – соттардың шешімдерін және өзге ресми құжаттарын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке және заңды тұлғалардың қолдаухаттары бойынша құзырлығына жатады. Жоғары көрсетілгенге сәйкес бүкіл құжаттарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне, мына адрес бойынша  010000 Астана қ., Д. Кунаева, 39. к. жіберу қажет (Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот аппараты)