Әскери қызмет

Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Осы заңмен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Арнаулы мемлекеттік органдардың қызмет өткеру кезінде қаза тапқан қызметкерінің отбасына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдері шегеріле отырып, қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейтілген, ол қаза тапқан кездегі отбасы құрамына пайдалы алаң нормасы сəйкес келетін сатып алу құнына тең мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі