ҚР Конституциясына өзгерістер

Жалпыхалықтық талқылаудан кейін келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы жетілдіріліп 2017 жылғы 10 наурызда ҚР Президенті қол қойды. Өзгерістерде Республика Президенті кандидатына қойылатын талаптар, Республика азаматтары және адамның құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері қамтылған.

Конституцияға енгізілген басты түзетулерде мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді.