Кім және қалай Қазақстанда бала асырап алушы бола алады?

«Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығына сәйкес балаларды ұйымнан баланы қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адам тұрғылықты жері бойынша баланы қабылдайтын ата-аналардың, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органына (бұдан әрі – Орган) мынадай құжаттарды:

- осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; 

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқаларын көрсете отырып);

- неке туралы куәліктің көшірмесін;

- Кодекстің 91-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес адамның, ерлі-зайыптылардың ауруларының жоқ екенін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамаларды, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұруы туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамаларды;

- «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың қағидасының 94-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша мәліметтердің бар не жоқ екені туралы анықтаманы;

- тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың (жалға беру туралы шарт) көшірмесін ұсынады.

Баланы қабылдайтын ата-аналар:

- сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

- сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

- өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

- егер олардың кінәсінен бала асырап алудың күшi жойылса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

- бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде;

- тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

- баланы қабылдайтын отбасына ресімдеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды;

- азаматтығы жоқ адамдарды;

- анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланы кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

- қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыны Қазақстан

Республикасының заңнамасындабелгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

- наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда тек кәмелетке толған адамдар бола алады;

- адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша Орган өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін дайындайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.

Қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң Қорытынды алған үміткерлер туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне енгізеді.

Баланы қабылдайтын отбасына үміткерлер Кодекстің 118-3-бабына сәйкес балаларды Республикалық деректер банкінен өздері тұратын облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумағындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымынан (бұдан әрі – Ұйым) іріктеуді жүзеге асырады және балаға баруға автоматты түрде қалыптастырылған жолдаманы алады.

Органның Қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағым жасалады.