Қанша күн шетелдік тұлғаға - Ресей Федерациясының азаматына Қазақстан Республикасында тіркеусіз қалуға болады?

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 301 Жарлығының 1-б. 1-т. сәйкес басқа Тараптың аумағында уақытша болатын бір Тараптың азаматтары болу Тарапының құзыретті органдарында 30 күн ішінде тіркелу (болатын орны бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.

Осыған қарай, Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз 30 күнге дейін қала алады.