Мақалалар (қолжазбалар) үшін қолданылатын талаптар

You are here

Журналда жариялау үшін ұсынылатын қолжазбалар электрондық және/немесе қағазға басылған пішімде және мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1. екі (қазақ, орыс) тілде берілуі тиіс;

2. құқықтық тақырыпқа арналуы тиіс;

3. мақалалардың атауы олардың мазмұнын ашуы тиіс;

4. Рецензенттің осы қолжазбаға оң рецензиясы болуы тиіс;

5. ұсынылатын қолжазбаның ең аз көлемі аралықты қоса алғанда 10 000 баспа таңбасынан тұрады (А4 пішімінде басылған мәтіннің 4 беті), қарпі- Times New Roman, мөлшері-14;

6. ұсынылатын қолжазбаның ең көп көлемі аралықты қоса алғанда 15 000 баспа таңбасынан тұрады (А4 пішімінде басылған мәтіннің 6 беті), қарпі- Times New Roman, мөлшері-14;

7. беттері нөмірленген, жол жиектері кемінде 2 см, бір жарым жол аралығы А4 пішімде парақта басылған екі данадағы қағаз, сондай-ақ электрондық тасымалдағыштағы қолжазбалар қабылданады. Егер цитата алғашқы дереккөзден келтірілмесе, онда цитата дереккөзінің деректері нақтыланып көрсетіледі (Цит.: );

8. электрондық  анықтамалық жүйелерден және Интернет желісінің ресурстарынан (осы жүйенің атауын және тиісті бөлімді көрсете отырып) алынған мәліметтерге де сілтеме жасалуы мүмкін;

9. кеңейтілімі 300 DPL фотографиялық суреттер пайдаланылған қолжазбалар (мақалалар) қабылданады (сәйкес болмаған жағдайда, Журнал редакциясының ұқсас фотографиялық суреттер мен бейнелерге ауыстыруға құқығы бар);

10. Рецензент қолжазбамен танысып, оған байланысты бағасын берген соң, осы мақаланың бейімге, тақырыпқа, жазылу стиліне және т.б. сәйкестігі немесе сәйкессіздігі еместігі туралы жазбаша қорытынды береді;

11. журналда  жариялау үшін ұсынылған қолжазбаларды рецензиялау мерзімдері Рецензент қолжазбаны алған күннен  бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс;

12. журналда жариялау үшін ұсынылған қолжазбаны бағалау барысында мынадай критерияларды басшылыққа алады:

1) журналда қолжазбаны өзгеріссіз жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды;

2) журналда қолжазбаны түзетулер енгізген соң жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды;

3) қолжазбаны жариялауда қабылдай алмау уәждемесі.