Келешек нөмір аңдатпасы

You are here

Құрметті оқырмандар! Журналымыздың алдағы он бесінші нөмірінде қазіргі заманғы Қазақстандағы заң тәжірибесіне негізделген және төрелік іс қарау стратегиясын анықтайтын заманауи тәсілдері, жолдары, төрелік жұмыс қағидаттары туралы материалы кеңінен таныстырылды. Халықаралық коммерциялық төрелік сотының Төрағасы, Қазақстандағы Төрелік Палата басқармасының мүшесі, Ұлыбританияның Корольдік институтының мүшесі, автор А. Ж. Бралина бұл тақырыпты толығымен ашты. «Төрелік іс талқылаудың заманауи стратегиясы» тақырыбындағы мақала Журналдың «Қазақстанның төрелік палатасы» айдарында ұсынылды. Автор А. Ж. Бралина қазақстандық заманауи төрелік өзінің дамуының неғұрлым оңтайлы және сенімді іздену жолында екеніне сендіріп отыр. Сондықтан, Қазақстан Республикасындағы төрелік іс қараудың жоғарғы мәртебесі оның қызметінің басымдылықтарын анықтаумен және Қазақстандағы және шетелдегі беделін бекітумен төрелік соттың ойластырылған стратегиясының арқасында қамтамасыз етіледі. Осы мақаланың толық нұсқасымен Журналымыздың он бесінші нөмірінің шығуына қарай таныс бола аласыздар.