Сәлемдесу

You are here

 
Құрметті сайт  қонақтары, қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК «Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1228 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету мақсатында және мемлекеттік органдардың, өзге заң және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратта  қажеттіліктерін бұдан да толық қанағаттандыру үшін құрылды.
Биылғы жыл біздің Кәсіпорын үшін  мерейлі 25 жыл. Ширек ғасырлық тарихы бар кәсіпорнымыздың бұл мерекесін Сіздермен бірге лайықты қарсы алуға дайынбыз.
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін және Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы болып табылады.
Әрбір азамат  құқықтық өкілеттілігін нақты іске асыру үшін тиісті құқықтық нормаларда көрсетілген және бекітілген өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Кез келген азаматқа, оның әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, қажетті құқықты білудің жалпыға бірдей міндетті деңгейі бар екенін атап өткенім маңызды.
Сіздерді Орталықтың жұмысы туралы сұрақ қоюға, өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыруға, пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын.
Сондай-ақ, менің жеке блогым жұмыс жасайды. Оған кәсіпорын қызметі жайында пікірлеріңізді қалдыруға мүмкіндіктеріңіз бар.
Сонымен қатар, мен әрбір айдың екінші сейсенбісі күні сағ. 10.00 - 13.00 аралығы, Астана қаласы, Түркістан көшесі 2-үй, "Алатау" бизнес-орталығы, 223 кабинетте жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаймын. Байланыс телефоны: 8 (7172) 57-03-42.
 
Құрметпен, директор
Рамазан Сарпеков