ҚР ӘМ құқықтық ақпараттық қызметті

You are here

 ҚР ӘМ құқықтық ақпараттық қызметі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа құқықтық мәселелер, онымен қоса мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тегін консультациялық қызмет көрсетіп, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша көмек көрсетеді.

Құрылған уақытынан бастап (2011 жыл) ҚР Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметі халыққа 670 000 астам консультациялық қызмет көрсетті.

Қызметкерлер көптеген заңнамалық сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, атқарушылық іс-жүргізу, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, апостильдеу сияқты адам өмірінде кездесетін басқа да мәселелерге қатысты маңызды ақпарат таратады.

Консультациялық қызметтер телефон бойынша хабарласқан, онымен қоса, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (http://www.adilet.gov.kz/ru/questions/ask), ҚР ӘМ Республикалық құқықтық ақпарат орталығының сайттарында (http://www.rkao.kz/ru/ask) сауалын жолдаған азаматтарға көрсетіледі.

Оған қоса, қызметкерлер орындау құжаттарын жүзеге асыру, атқарушылық іс-жүргізу мәселелері жөніндегі сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру бойынша азаматтардың үндеулерін қабылдайды.

Консультациялық қызметтер мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі.

Қала телефондарынан тегін қоңырау шалу:

Әлеуметтік желіде:

 

Біздің мақсатымыз - әркімнің сапалы құқықтық кеңес алуында.