ҚР НҚА эталондық бақылау банкі

You are here

  Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi

Негізгі жасаулар: Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 және 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1439 қаулыларымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011-2015, 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлары.

Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлген, қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесін білдіреді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Эталондық банкті жүргізуді жүзеге асырады.

  Жобаның паспорты


 

Ақпараттық жүйенің атауы:
АЖ операторы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК , 010000, Астана қаласы, Самал ш.ауд. 12, «Astana Tower» БО, E-mail: info@rkao.kz

Құру негізі: ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 және 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1439 қаулыларымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға, 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлары.

АЖ тақырыптары: Эталондық бақылау банкі Қазақстан Республикасының бақылау жағдайындағы нормативтік құқықтық актілерін қамтиды. НҚА-ны ресми түрде жариялайтын көз болып табылады. ҚР НҚА Эталондық бақылау банкі Интернетте қол жетімді (www.zan.gov.kz), ақпараттық жиымы күн сайын жаңартылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылады.

  • Жүйе үш қосалқы жүйеден тұрады:
  • нормативтік құқықтық актілерді өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйесі;
  • Қазақстан Республикасы электрондық форматтағы нормативтік құқықтық актілерінің, сонымен қатар, олардың өзгертілген нұсқаларын сақтайтын орталықтандырылған депозитраий рөліндегі сақтау орны;
  • электрондық форматтағы НҚА-ны аптасына 7 күн тәулік бойы қарау мен қосымша функционалдық мүмкіншіліктерге қол жеткізуге арналған арналған веб-портал.
  • Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің «веб-портал» қосалқы жүйесі Интернет ортасындағы мүдделі тұлғалар үшін жүйеге кірудің, соның ішінде заманауи ұялы құрылғылар арқылы (смартфондар, планшеттер және т.б.), жалғыз нүктесі болып табылады.

2015 жылдан бастап электрондық түрдегі НҚА эталондық банкін құруға байланысты Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 66-бабына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданған Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін электрондық-цифрлық нысанда қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурстан қамтамасыз ету көзделеді. «РҚАО» РМК осыған байланысты НҚА мәліметтерін баспа нысанындағы нормативтік құқықтық актілермен сәйкес келтіруді 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етеді.

Шешуші міндеттер: іздеу функциалы НҚА деректемелері, контекст, мәртебесі, белгісі, ҚР НҚА Мемтізілім нөмірі, қабылдаған органы, жарияланым дереккөзі мен күні, қолданылу аймағы бойынша іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Форум Жаңалықтар


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 қаулысына сәйкес Кәсіпорынға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін жүргізу қызметі үйлестіріліп берілді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР НҚА қағаз және электрондық форматтағы Эталондық бақылау банкін қалыптастыру мен жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі – Қазақстан Республикасында шығарылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілерінің жинағы, олар бойынша мәлімет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Эталондық бақылау банкінде орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің анықтығы мемлекеттік органның осындай актілерге қол қою уәкілдігі бар лауазымды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасымен расталады.
ҚР НҚА Эталондық бақылау банкі Интернетте қол жетімді (www.zan.gov.kz).
ЭББ мүмкіншіліктері:
НҚА барлық нұсқаларының мұрағатын сақтау;
НҚА-ны және онымен байланысты нақты күннің барлық НҚА-сын қарап шығу мүмкіндігі;
Жүйенің лингвистикалық қолжетімді қамсыздандырылуы (ҚР НҚА ЭББ АЖ порталының интерфейсі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылған).
- тұтынушыға ЭСҚ-мен расталған құжаттың электронды нұсқасын ұсыну;
- құжаттарды кеңейтілген түрде іздеу, нақты күнгі НҚА-ның эталондық бақылау мәтіндерін жүктеу;
- іздестіру функционалы іздеуді НҚА реквизиттері, контексті, мәртебесі, ҚР НҚА Мемлекеттік тізілім нөмірі, қабылдаушы орган, дереккөз және жариялау мерзімі, әрекет ету аймағы арқылы жүзеге асыруды мүмкін етеді.
ЭББ артықшылықтары:
- ресми жариялау көзі болып табылады;
нақты күнде әрекет ететін НҚА жайлы мәлімет алу;
азаматтардың олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысы бар НҚА-ның эталондық бақылау мәтіндерімен танысу мүмкіндігіне ие болуға құқығын жүзеге асыру;
ақпараттық жүйенің ақпараттық ресурстарына тәулік бойына еркін кіруді қамтамасыз ету;
- ұлттық заңнама саласындағы анық және өзекті ақпаратты Интернет және веб-портал арқылы, тұтынушының уәкілетті органға тікелей жүгінуінсіз өтеусіз негізде ұсыну;
халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыру;
уәкілетті органның ұлттық заңнама саласындағы қызметінің айқындығын және ақпараттың ашықтығын арттыру;
жеке және заңды тұлғалар, ҚР резидент және резидент еместер үшін ұлттық заңнама саласындағы ақпаратты алу барысында қолайлықты арттыру;
- ақпараттық жиым күн сайын жаңартылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылады.
ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінің ақпараттық-іздестіру жүйесі жеке, заңды тұлғалар субъектілерінің, ҚР резиденттері мен резидент еместердің электрондық нұсқадағы НҚА-ның ресми мәтіндеріне Интернет арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл арқылы анық және өзекті құқықтық ақпаратты жылдам алуға болады.