Басшылық

You are here

Директор - Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков

1955 жылы Алматы облысының Жаркент қаласында туды. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтады. Заңгер.
 
Жұмыс өтілі:
05.1973-05.1974 – Алматы облысындағы Панфилов ауданында құрылысшы;
05.1974-05.1976 – Кеңес әскерінің қатарында қызметте, Хабаров өлкесі;
07.1976-08.1981 – Алматы қ. «Электромонтаж» ҚБ, электромонтаждаушы;
08.1981-08.1982 – Алматы қ. Әуезов ЖҚУ кадр бөлімінің инспекторы;
08.1982-09.1986 – Торғай ауданы Жангелді ауданының  прокуратурасы тергеушісі;
09.1986-05.1988 – Торғай облысы прокуратурасының аса маңызды істер бойынша аға тергеуші;  05.1988-07.1989 – Қостанай облысы Амангелді ауданы прокуратурасының тергеушісі (Торғай облысын таратуға байланысты);
07.1989-05.1994 – Қостанай облысы Амангелді ауданының Халық сотының төрағасы; 
02.1994-11.1995 – Торғай облыстық соты Төрағасының орынбасары;
11.1995- 06.1997 -  Торғай облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
06.1997-12.1999 –  Арқалық қ. өңірлік сот құрамының төрағасы, Қостанай облыстық сотының судьясы (Торғай облысын таратуға байланысты);
10.1999-11.2004 – II сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
03.2005-11.2006 – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
11.2006-08.2007 – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Аппарат басшысы және алқа мүшесі;
08.2007-11.2011 – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
01.2012-01.2016 - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
09.2017-12.2017 – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі;
12.2017 – қазіргі уақытқа дейін -  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директоры.
 
 «Нұр-Отан» партиясының мүшесі, «Нұо-Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының мүшесі. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филилының жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі алқасының мүшесі.
Ордендері:
«Құрмет» (05.12.2014ж.), «Құрмет» (08.12.2006ж.), «Содружество» Межпарламентской Ассамблеи государств – участников Содружества Независимых Государств (22.11.2012ж.).
Медальдері:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың және тыңайған жерлердi игерудің басталуына 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «20 лет Межпарламентской Ассамблеи государств – участников Содружества Независимых Государств», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Нұр-Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін», «Үш би», «М.Әуезов», «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 20 жылдығы», «Парламенттік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін», «Қазақстан Республикасы прокуратурасындағы мінсіз қызмет үшін – 3 дәрежелі», «Қазахстан Республикасы Қаржы полициясына 20 жыл», «Адвакатураны дамытуға қосқан улесі үшін», «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Бауыржан Момышұлы», «Намыс», «Тергеу қызметінің 50 жылдығы», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін».
Атағы:
«Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті жұмыскері» (2003), Алматы облысы, Костанай облысы «Құрметті азаматы», Алматы облысы Панфилов ауданның «Құрметті азаматы».
Үйленген, төрт баласы және немерелері бар. 

Директордың бірінші орынбасары - Раушан Нұрымбекқызы Жантасова

1971 жылы 18 қазанда Көкшетау облысында дүниеге келген.

1994 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады.

Еңбек жолын Көкшетау облысының әділет басқармасынан бастады.

1996 жылы Көкшетау аймақтық құқықтық ақпарат орталығын басқарды.

1998 жылдан бастап осы уақытқа дейін  – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК  директорының орынбасары.

«РҚАО» РМК филиалдарының, Экономика және қаржы басқармасының және "Жаршы" журнал редакциясының қызметтеріне жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Құқықтық ақпараттық қызметтің жұмысын бақылайды.

«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, сондай-ақ ҚР ӘМ құрметті грамоталарымен марапатталған.

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Тұрмыста, екі баланың анасы.

 

Директордың орынбасары - Лилиана Георгиевна Цай

 

1964 жылғы 29 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер квалификациясы бойынша тәмамдады.

1995 жылдан бастап Республикалық құқықтық ақпарат орталығында жұмыс істейді.

1995 жылғы мамырдан бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, 2015 жылғы желтоқсаннан бастап заңнама деректер базасын қалыптастыру бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды.

1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін «РҚАО» РМК «Заңнама» Деректер базасын қалыптастыру бөлімінің бастығы.

2005 жылдан бастап 2016 жылғы дейін Деректер базасын қалыптастыру бөлімінің басшысы.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытта дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директорының орынбасары.

Деректер базасын қалыптастыру департаментінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін қалыптастыру департаментінің жұмыстарын бақылауды жүзеге ассырады.

«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2012ж.),   «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен (2015ж.),  сондай-ақ ҚР ӘМ құрмет грамоталарымен марапатталған.

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Қыз тәрбиелеп отыр.

Директордың орынбасары - Гүлзира Мадалиқызы Құрманәлиева

1967 жылы 20 маусымда Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келді.

1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «физика» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Алматы экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылдан бастап 2013 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК  ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК  директорының орынбасары.

Ақпараттық технологиялар басқармасының жұмысына жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне мерейтой медалімен, сондай-ақ ҚР ӘМ құрметті грамоталарымен марапатталған.

Тұрмыста, екі баланы тәрбиелеп отыр.