Пайдаланушылардың назарына!

2019 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидалары қолданысқа енгізіледі.

Қағида уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін, қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасымен немесе қолма-қол ұлттық валютамен сатып алу және (немесе) сату бағамдарын белгілеу тәртібін, қойылатын біліктілік талаптарына қоса алғанда, уәкілетті ұйымдарды лицензиялау, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлау тәртібін, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған тазартылған құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар жүргізу тәртібін, сондай-ақ уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың осындай қызмет туралы есептердің нысандары мен ұсыну мерзімдерін айқындайды.