РҚАО-ның тарихы

You are here

- 1993 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығына қол қойылды. Оның 8-тармағында Республикалық құқықтық ақпарат орталығын құру жөнінде айтылған болатын.

- 1994 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық автоматтандырылған жүйесі» бөлімінің негізінде штатында 10 адам бар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» құрылды.

- 1994 жыл- ақпаратты-құқықтық қамтамасыз ету туралы алғашқы шарттарға қол қойылды. Тапсырушылар – Ауыл шаруашылығы министрлігі, Казкоммерцбанк және АВN Амро Банк;

- 1995 жылға дейін «Заңнама» ДБ ақпараттық кеңістігі сырттағы ұйымнан сатып алынған, DOS операциялық жүйесімен іске асырылатын бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жасады;

- 1995 жылғы 24 сәуірде Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығының мәселелері» № 538 қаулысы қабылданды, РҚАО мен оның филиалдарының штаттық саны 73 адам болып бекітілді;

- 1995 жылы РҚАО-ның инженер-бағдарламашылары «Windows» операциялық жүйесінде өздерінің жеке «Заңнама» Деректер базасы бағдарламалық қоршамын жасады, ДБ ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен толықтырылды; Қазақстан  Республикасының  барлық облыс орталықтарында аймақтық құқықтық ақпарат орталықтары ашылды;

- 1995 жылдан бастап Деректер базасы ҚР әділет министрлігінде тіркелген орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен толықтырыла бастады;

- 1996 жылдан бастап Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ұлттық құқықтық ақпарат  орталықтарымен заңнама бойынша электрондық деректер базасымен алмасу жүзеге асырылды;

- 1997 жылдың мамырында пайдаланушылардың өтініштерін ескеріп жетілдірілген, «Windows»та ДБ-ның екінші нұсқасы жасалды. Деректер базасына жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік құқықтық актілері енгізілді;

- 1997 жылдың желтоқсанынан бастап РҚАО «LexInfoSys» Орталық Азия және Закавказье елдерінің заңнамасы бойынша Мемлекетаралық деректер базасын қалыптастыру жөніндегі Неміс техникалық серіктестік қоғамының (GTZ) жобасына қатысты. Жобаға осы мемлекеттердің 5000-ға жуық негізгі нормативтік құқықтық актілері, соның ішінде Қазақстан  Республикасының 1500 жуық заңнамалық актілері енгізілді http://www.cis-legal-reform.org/;

- 1998 жылдан бастап «Заңнама» ДБ желілік режимдегі мүмкіндігі әзірленді және енгізілді;

- 1998 жылдан бастап Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 және 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулыларына сәйкес Республикалық құқықтық ақпарат орталығы өзі иесі болып табылатын Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастырды. Мемтізілімге тіркелген акті туралы негізгі мәліметтер - атауы, қабылдану нөмірі, қабылданған датасы, тіркеу датасы тіркеу нөмірі, күшіне ену датасы, Мемтізілімдегі нөмірі енгізіледі;

- 1998 жылдың 19 қазанынан бастап орталық кеңсенің Астана қаласына көшірілуі іске асырылды;

Қайта құру және даму бүкіләлемдік банкі сарапшыларымен компания тәжірибесі зерделенді және «Заңнама»ДБ бағдарламалы-технологиялық кешеніне жоғары баға берілді.
- 1999 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Республикалық құқықтық ақпарат  орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» № 487 жаңа қаулысы қабылданды, оған сәйкес "РҚАО" ММ-сі "РҚАО" РМК болып қайта құрылды;

- 1999 жылдың желтоқсанында ДБ пайдаланушыларына бағдарламаның төртінші нұсқасы берілді.Қазақстанда мемлекеттік тілдегі құқықтық актілердің бірінші деректер базасы - «Заң» Деректер базасы құрылды;

- 2000 жылдың ақпанында «Заңнама» ДБ бағдарламалы-технологиялық кешеніне авторлық құқығы тіркелді. ҚР ӘМ Авторлық құқығы жөніндегі комитеті 2000 жылғы 4 ақпанда №017 куәлік берді;

- 2000 жылдан бастап «Заңнама» ДБ ақпараттық кеңістігін күнделікті жаңарту және пайдаланушыларға ДБ жаңарту файлдарын адрестік тарату іске асырыла бастады;

- 2001 жылы Республикалық құқықтық ақпарат орталығының мамандары «Заң» Деректер базасының бесінші нұсқасын жасады. 5.0 Нұсқаның бағдарламалық қабықшасы екі жеке бөлімді бірыңғай ақпараттық жиымға біріктіруге мүмкіндік берді: мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы және атқарушы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік актілері орыс тілінде және осыған ұқсас құжаттар мемлекеттік тілде.  Сөйтіп, Қазақстанда Республика заңнамасының бірінші қостілді деректер базасы құрылды. Пайдаланушы нормативтік актімен мемлекеттік немесе орыс тілінде жұмыс істей алады, ал қажет болған ретте бұл құжаттарды компьютер экранында екі терезе тәртібінде салыстырады;

- 2002 жылдан бастап РҚАО Әділет органдарының ақпарат  саласындағы қызметін үйлестіруді, Әділет министрлігінің  Веб-сайтын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етті;

- 2003 жылы «Заң» ДБ мемлекеттік және орыс тілдерінде заң терминдерінің анықтамалығы әзірленді; ДБ-нан НҚА жеке топтамасын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды.

- 2005 жылдан бастап жасырын құқықтық ақпаратпен белсенді жұмыс басталды;

- 2005 жылдың қарашасында «бір терезе» қағидасы бойынша Халыққа қызмет көрсету Орталықтары үшін «құжаттарды қабылдау және тіркеу» бағдарламалық қамсыздандыруы жасалынып, өндірістік пайдалануға берілді;

- 2006 жылдың маусымында Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінің Интернет нұсқасы жасалып, енгізілді http://www.zanorda.kz/;

- 2006 жылдың шілдесінен бастап РҚАО Электронды үкімет порталын ақпараттық толықтырудың әкімшісі болып табылады http://www.e.gov.kz/;

- 2006 жылдың тамызында «Закон» ДБ тіркелмеген құжаттар базасымен және мәтіндік іздестірумен толықтырылды;

- 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның цифрлық кітапханасын құруға көмек көрсетілді, атап айтқанда, мәтіндерді цифрлық кітапханаға бейімдеу үшін «Заң» деректер базасындағы НҚК мәтінін UNICODE халықаралық кодтауға аудару бағдарламасы әзірленген; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 300 НҚК  топтамасы  ұсынылды;

- 2007 жылдың маусымында Халыққа қызмет көрсету Орталығы (ХҚО) үшін «Құжаттарды қабылдау/беруді ұйымдастыру» бағдарламалық қамсыздандырудың жаңа нұсқасы жасалды;

- 2007 жылдан бастап ДБ ақпараттық алабы авторлық материалдар, сот тәжірибесі және нормативтік-техникалық құжаттамамен толықтырылды;

- 2008 жылдың бірінші жартысында құжаттарды логикалық іздеу күшейтілген, FTP-cервер арқылы автоматты түрде жаңарту енгізілген, сонымен қатар мемлекеттік тілде «Тақырып бойынша іздеу» блогы қосылған бағдарламалық қамтамасыз етудің кезекті нұсқасы әзірленді;

- 2008 жылдың мамыр айынан Тәжік Республикасы және Қырғыз Республикасының Әділет министрліктерімен, ТМД Экономикалық сотымен, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетімен құқықтық ақпаратты алмастыруды жүзеге асырып келеді;

- компания ЕЭҚ мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының Кіріктірілген деректер базасының жобасын құруға қатысуда;

- 2009 жылы аумақтық әділет органдарында 2008 жылдан бастап тіркелген жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін қамтитын жаңа блок – «Аймақ»/ «Регион» ДБ жарыққа шықты; - компанияда онлайн тәртібінде жұмыс істейтін «1С-Бухгалтерия» бағдарламалық қамсыздандыру енгізілген, деректерді таратудың корпоративтік желісі жетілдірілген;

- 2009 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін жүзеге асыру, сондай-ақ құқықтық ақпараттың жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, 2009 жылдың 24 тамызынан бастап қоғамдық қолжетімді орындарда – барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, соттарда жұмыс істейтін ақпараттық-анықтамалық киоскілерде, еліміздің жоғары оқу орындарының компьютерлік сыныптарында, республика бойынша барлық ғылыми кітапханаларда «Заң» ДБ орнатылуда;

- 2009 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік және орыс тілдерінде, құрамында басқарудың жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, кент, ауыл деңгейіне дейін, нормативтік құқықтық актілері бар, сонымен қатар «Тіркелмеген» ДБ, құрамында әділет органдарында міндетті тіркелуге жатпайтын, мемлекеттік тілдегі нормативтік құқықтық актілері, нұсқаулық сипаттағы хаттар, құжат үлгілерімен толықтырылған «Заң»ДБ 6.0 нұсқасы қолданысқа берілді. Іздеу қабықшысының мүмкіндіктері кеңейтілген: барлық анықтамалардың құрылымы өзгертілген; мемлекеттік және орыс тілдерінде тақырып бойынша іздеу толықтырылған; «іссапар туралы» нормативтік құқықтық актілерді сауалдан алып тастау мүмкіндігі енгізілген;

- халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көпшілік кітапханаларда, жоғары оқу орындарында және жергілікті соттардың ақпараттық киоскілерінде құқықтық ақпаратқа қоғамдық қол жеткізу орындары ұйымдастырылған;

- 2010 жылдың ақпан айы - Кәсіпорын филиалдарымен алғашқы бейне-конференция өткізілді;

- 2010 жылдың шілде айы - "Заң" ДБ-ның  ұраны бекітілді. Компанияның Ақтөбе филиалы жеңімпаз болып танылды. «Сапа мен сенімділікті бағалайтындар үшін» ұраны ресми түрде бекітілді;

- 2010 жылдың 1 тамызында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2010 жылдың 13 тамызында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2010 жылдың 25 қазанында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2010 жылдың 25 қазанында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

2010 жылдың қараша айы - ЮНЕСКО-ның ақпараттық технологиялар және құқық жөніндегі кафедрасының қолдауымен  Беларусь Республикасының Ұлттық құқықтық ақпарат орталығымен ұйымдастырылған Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткізілген «Ақпараттық технологиялар және құқық (Құқықтық ақпараттандыру – 2010)» ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қазақстандықтар атынан қатысқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК «Қазақстандағы құқықтық ақпараттандыру: тарихы,келешегі» тақырыбындағы баяндаманы ұсынды;

- мүдделі тұлғаларға РҚАО-ның ақпараттық-құқықтық қызмет көрсетуіне  өз тапсырысын Интернет арқылы орналастыру сервисі ұйымдастырылды;

- 2010 жылдың 8 қарашасында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2010 жылдың 30 қарашасында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

2010 жыл – 2010 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы кәсіпорынның ең үздік филиалы болып танылды;

- 2011 жылғы қаңтар – халыққа тегін білікті заң көмегін көрсету үшін Құқықтық ақпараттық қызмет ұйымдастырылды. Консультациялар барлық құқықтық мәселелер, соның ішінде лицензиялау, құжаттандыру, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша көрсетіледі, заңнама талаптарына егжей-тегжейлі түсініктеме беріледі;

- Компанияның орталық кеңсесінің жаңа құрылымы бекітілді:

  • әкімшілік және шаруашылық бөлімдері – Әкімшілік-шаруашылық басқармасына біріктірілді;
  •  бухгалтерлік есеп пен есептілік және жоспарлау және экономикалық талдау бөлімдері – Экономика және қаржы басқармасына біріктірілді;

-  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 22 қаулысымен кәсіпорын оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

- 2011 жылғы қазан – кәсіпорынның аттестаттау комиссиясының жұмысы қашықтан режимінде ұйымдастырылды;

- 2011 жылғы қараша – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне кәсіпорында «Мен, менің кәсіпорным, менің Республикам» тақырыбындағы шығармашылық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты - кәсіпорын қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін дамыту және іскерлік белсенділігін ынталандыру, өз елі, өз кәсіпорны үшін мақтаныш сезімін сақтау және дамыту, креативті қызметкерлерді айқындау және қолдау көрсету,  қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, ақпараттық сауаттылығын және мәдениетін дамыту болды. Г. Әбдірахманова (Алматы филиалы), М. Қожахметова (ДБҚБ), Н.Бәкенов (Қарағанды филиалы), А. Бейбітқызы (АҚЖБ) жеңімпаздар атанды;

- 2011 жылғы қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін 2012 жылдан бастап  нормативтік құқықтық актілердің жүйелендірілген әрі түпкілікті деректер базасына  жалпыға бірдей тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс басталды. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі әзірленді және ілкі жоба ретінде Әділет министрлігінің сайтында орналастырылды;

- 2011 жылғы желтоқсан – кәсіпорын ҚР СТ ИСО 9001:2009 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталды;

- 2011 жылдың 28 желтоқсанында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрліктерінің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрліктерінің ақпараттық-құқықтық саладағы ынтымақтастығы аясында өзара әрекеттестігі туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды;

- 2011 жыл - 2011 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Қызылорда аймақтық құқықтық ақпарат орталығы кәсіпорынның ең үздік филиалы болып танылды;

- 2012 жылғы қараша -  РҚАО Беларусь Республикасының Ұлттық құқықтық ақпарат орталығы (ҰҚАО) және ҰҚАО ақпараттық технологиялар және құқық жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы ұйымдастырған «Ақпараттық технологиялар және құқық (Құқықтық ақпараттандыру – 2012)» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты;

- 20   - 2012 жылдың қарашасында  –  құқықтық ақпаратпен еркін қамтамасыз ету, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкін жүргізу бойынша озық тәжірибені зерделеу үшін «РҚАО» РМК қызметкерлерінің Эстония Әділет министрлігіне жұмыс сапары болды;  

2012 жылғы желтоқсан – РҚАО Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысқаны үшін грамотамен марапатталды;

- 2012 жыл - 2012 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Қостанай аймақтық құқықтық ақпарат орталығы кәсіпорынның ең үздік филиалы болып танылды;

- 2013 жылдың қаңтары – Ақпараттық жиымдарды қалыптастыруды бақылау қызметі құрылды.

- 20 - 2013 жылдың мамырында –  Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы «Құқықтық ақпараттандыру орталығымен» құқықтық ақпаратпен алмасу саласындағы  ынтымақтастық туралы шарт жасасты; 

- 2013 жылдың маусымы – Республикалық құқықтық ақпарат орталығына 20 жыл;

- 2012 жылдың 13 шілдесінде - «Республикалық құқықтық ақпарат оталығы» РМК мен «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2013 жылдың тамызы – Астана аймақтық құқықтық ақпарат орталығы құрылды;

 -2013 жылдың қарашасы – Біріккен Ұлттар Ұйымын дамыту бағдарламасымен Келісім шеңберінде Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерінің деректер базасын  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесімен үйлестіру жөнінде жұмыс жүргізілді;

- 2013 жылдың қарашасы – ҚР Әділет министрлігінің жанындағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі «AWARD.kz 2013» Ұлттық интернет-премиясының «Балаларды тәрбиелеу, білім және ғылым» аталымында жүлдегері атанды;

- 2013 жылдың желтоқсаны – 2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі ресми жариялауды  жүзеге асыратын интернет-ресурс ретінде айқындалды.

- 2013 жыл - 2013 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Жамбыл аймақтық құқықтық ақпарат орталығы кәсіпорынның ең үздік филиалы болып танылды;

- 20  - 2014 жылдың ақпанында – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ресми интернет-ресурсының Android және  iOS платформаларына арналған мобильдік қосымшасы әзірленді және  Apple AppStore және Google Play онлайн-дүкендерінде жарияланды;

- 20   - 2014 жылдың наурызында -  кәсіпорын сайтында жаңа қызмет – «Заң» деректер базасының интернет-дүкені  іске қосылды;

- 2014 жылдың қыркүйегі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін жүргізетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуіріндегі № 343 «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін жүргізудің Ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізетін Мемлекеттік кәсіпорынды белгілеу» қаулысына сәйкес Кәсіпорынға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін жүргізу қызметі үйлестіріп берілген;

- 2014 жылдың 11 қарашасында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2014 жылдың 10 желтоқсанында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2014 жыл - 2014 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығы кәсіпорынның ең үздік филиалы болып танылды;

- 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық форматтағы Эталондық бақылау банкін қалыптастыру мен жүргізу іске асырылуда;

- 2015 жылдың 19 қаңтарында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2015 жылдың 13 наурызында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2015 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11194 нөмірінде тіркелген ҚР Әділет министрінің № 286 «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін қалыптастыру және оған мәліметтер енгізу бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығы шығарылды;

- 2015 жылдың 3 қарашасында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2015 жылдың 10 қарашасында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2015 жылдың 30 қарашасынан бастап – Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 30-бабының 2-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жүзеге асырылады;

- 2016 жылдың 9 маусымында ҚР Үкіметінің № 341 «Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін қабылданған нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін электрондық-сандық нұсқада қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін интернет-ресурсты белгілеу туралы» қаулысы қабылданды;

- 2016 жылдың 7 шілдесінде - ҚР ӘМ Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мен Беларусь Республикасының Ұлттық құқықтық ақпарат орталығы мерзімдік баспа басылымдары -«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» және «Право.by» журналдарымен алмасу, сонымен қатар интернет-ресурстарында басылымдар туралы ақпарат орналастыру жайында келісім жасады;

- 2016 жылдың 25 шілдесінде ҚР Үкіметінің № 439 «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін жүргізудің Ережелерін бекіту туралы» қаулысы қабылданды;

- 2016 жылдың 25 тамызында - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі арасында ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды;

- 2016 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14270 нөмірінде тіркелген ҚР Әділет министрінің № 786 «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін қалыптастыру және оған мәліметтер енгізу бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығы шығарылды.