Қостанай қ. РҚАО филиалы

You are here

Филиал директоры - Черменинов Геннадий Иванович

1960 жылы 28 сәуірде Қостанай облысы Қостанай ауданы Нечаевка к. дүниеге келген. Ұлты – орыс.
 
1981 жылы ССРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, құқықтану мамандығы бойынша үздік белгімен тәмамдады.
 
Заңгер біліктілігі берілді. Оқуды бітірісімен Қостанай облысы ІІМ органдарының бөлімшелерінде оперативтік уәкіл, аға оперативтік уәкіл, учаскелік инспектор, аға учаскелік инспектор, жедел бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
 
1994 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейінгі аралықта «Шарапат» сақтандыру қоғамында заңгер.
 
1994 жылдың сәуір айының соңынан.
 
1995 жылдың қазан айына дейін «Игілік банкі» Қостанай филиалының заң мәселелері жөніндегі жетекші маманы, кейіннен ауыстыру тәртібімен Қостанай облысы Әділет басқармасы жанындағы Аймақтық құқықтық ақпарат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.
 
1999 жылдың ақпан айынан бастап ҚР ӘМ «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК филиалы – Қостанай аймақтық құқықтық ақпарат орталығының директоры.
 
ІІІ сыныпты әділет кеңесшісі, Қостанай облысы әділет органдарының, Қостанай облысы әкімдігі құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі координациялық кеңесінің мүшесі.
 
ҚР ІІМ органдарындағы 10 жыл мінсіз қызметі үшін медалімен, ҚР Әділет министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
 
 
Байланыс: 

Тел.: +7 (7142) 54-60-88
         +7 (7142) 54-60-88 ( филиал директоры)                                                               Әлеуметтік желіде
Факс: 53-20-13                                                                                                                        

E-mail: kostanay@rkao.kz  

 

Мекенжайы: 110000, Костанай қаласы , Баймагамбетов к, ү. 195, каб.207