faq

Алматы қаласы бойынша жеке тұрғын үйде неше адамды тіркеуге тұрғызуға болады?

"Алматы қаласының аумағындағы көшi-қон процестерiн реттеу қағидасын бекiту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі N 152 шешімінің 14-тармағына сәйкес тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуге алуда тұрғындардың мемлекеттік тұрғын үй қорында немесе тұрғындарда, жеке меншік тұрғын үйлерде, жалдамалы мекенжайы негізінде жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орындардың мемлекет тарапынан жалға беруге арналған тұрғын үй қорында, бір адамға он бес шаршы метрден кем болмауы қарастырылады.

Борышкердің жалақысы болмаған кезде алименттерді өндіріп алу тәртібі қандай?

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261 заңының 99-б. 1-т, 2-т 1-1-т), 3-т. сәйкес алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.
Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының 2-тарауына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;

Кәсіпорын қызметкерінің құқығын бұзған жұмыс берушіге шағымдану үшін қайда жүгінуге болады?

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ 192-б. сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, сақтау және қорғау, заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

Заңды тұлғаны тарату тәртібі қандай?

Заңды тұлғаны тарату тәртібі ҚР 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 50-бабымен реттеледі. Заңды тұлғаның қызметін таратуды тіркеу үшін құжаттар тізбесі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы»

Нотариалды құжаттарда қалай қол қойылады?

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңының (бұдан әрі - Заң) 44-бабына сәйкес нотариат куәландырған құжаттың мазмұны қатысушылардың қалауы бойынша дауыстап оқылуы мүмкiн. Қатысушылар нотариус куәландырған мәмiлелерге, өтiнiштер мен басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қол қояды.

Егер ата-аналар ресми некеде болмаса, балаға әке-шешенің атын беру мәселесі қалай шешіледі?

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 47-бабына сәйкес Баланың анасымен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамның әке болуы баланың әкесi мен анасының тіркеуші органға бiрлесiп өтініш беруі арқылы анықталады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жарғысы тіркеуге жатады ма?

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңының 6-бабына сәйкес акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды.

Осыған орай, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың жарғылары тіркелуге жатпайды.

2018 жылы паспортты ресімдеу үшін мемлекеттік баждың сомасы қандай?

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ Кодексінің 615-б. 3-т. сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенi үшiн – 8 АЕК (1 АЕК – 2405 теңге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VІ ҚРЗ «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген )

ЖШС басшысын ауыстырған кезде қайда бару керек?

Салық заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып, 2018 жылдан бастап, заңды тұлғаның басшысы туралы тіркеу деректерін «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында тіркеу әділетті органдар жүзеге асырады.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңының 2 - бабына сәйкес  Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:  

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;