Заңнамаға өзгерістер анонстары

Пайдаланушылардың назарына!

Байланыс каналдарының жеткізушісі тарапынан техникалық жұмыстарға байланысты, 2019 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметінің жұмысында үзілістер болуы мүмкін (тел.119). WhatsApp онлайн хабаршысы арқылы заңды кеңес алу үшін бізге хабарласуыңызға болады (тел. +7708-693-56-31). Туындаған кез келген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Пайдаланушылардың назарына!

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 16 037 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 36 108 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 525 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 29 698 теңге болып белгiленеді.

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 877 (мемтіркеу нөмірі 17549) бұйрығына  сәйкес Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары жаңа редакцияда қолданылатынын хабардар етеміз.

 

Пайдаланушылардың назарына!

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына (мемтіркеу нөмірі 17028) сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу міндетті.