Шарт жасаcуға өтінім

You are here

Ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету Шартын жасасуға өтінімді толтырар алдында Сізден осы келісім талаптарымен, сондай-ақ шарт жобасымен мұқият танысуыңызды сұраймыз.

1.www.rkao.kz веб-сайтында орналастырылған барлық ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қорғалады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының жазбаша келісімінсіз кіммен болмасын қандай да болмасын нысанда қолдануға, соның ішінде қайта шығаруға, таратуға, қайта өңдеуге жол берілмейді.
2. Осы Келісімнің талаптарымен, сондай-ақ ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету Шартының жобасымен (Шарт төменірек орналасқан) танысқан және олармен келіскен жағдайда, әрбір тілек білдірушіге Шарт жасасуға өтінімді толтыруға және беруге кірісуіне болады.
3. Тапсырыс беруші РҚАО сайтында орналастырылған тіркеу нысандарын толтыру жолымен өтінімді ресімдеу барысында өзі туралы дұрыс, өзекті және толық ақпаратты ұсынуға міндетті.
4. Жазба мәтіндерінде тұрпайы лексика қолдануға тыйым салынады.
5. Сұралып жатқан ақпарат ол үшін арнайы бөлінген жолдарда көрсетілуі тиіс.
6. Егер Тапсырыс беруші осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, Сайт Модераторы Тапсырыс беруішінің өтінімін оған алдын ала хабарламай-ақ алып тастау құқығын өзіне қалдыратынымен Тапсырыс беруші келіседі.
7. Республикалық құқықтық ақпарат орталығы осы Келісімнің, ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету Шартының ережелерін бір жақты өзгерте, толықтыра алады. Келісім мен Шарттың жаңартылған нұсқасы www.rkao.kz сайтында жарияланады.

Өтінеміз, мұқият болыңыз!

 

ҚР ӘМ РҚАО ШЖҚ РМК
Ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етуге арналған шарт
№ _________ ШАРТ
  ____________ қ.                        20__ ж. «    » ________
                                                        
       Бұдан әрі қоса атағанда – Тараптар деп аталатын: бір жағынан, бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (2002 жылғы 8 сәуірде Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігінің № 6790-1901-МК), ______________________ негізінде іс-әрекет жасайтын ______________________ арқылыжәне бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ___________________________________________, ____________________________________________________________________ негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________________________________________________________ арқылы, екінші жағынан, мына төмендегілер жөнінде осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:
 
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
  1.1. Ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету – «Заң» деректер базасын (бұдан әрі – Деректер базасы) пайдалануға беру және абоненттік қызмет көрсету- Шарттың мәні болып табылады. Деректер базасының құрамына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, атап айтқанда: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар, Парламенттің нормативтік қаулылары; Президенттің нормативтік құқықтық актілері; Үкімет қаулылары мен өкімдері; Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары; ведомстволық нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен облыстық, қалалық, аудандық, кенттік (ауылдық) деңгейдегі жергілікті уәкілетті және атқарушы мемлекеттік органдардың актілері кіреді.
        Деректер базасына мемлекеттік құрылымды; азаматтық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, жер құқықтық қатынастарын, әлеуметтік сақтандыруды, азаматтардың құқығын қамтамасыз ету мен қорғауды, шаруашылық, кәсіпкерлік, кедендік, сыртқы экономикалық, банкілік, биржалық іс-әрекеттерді; бағалы қағаздар, жекешелендіру, салық, экономикалық даулардың шешілуі, қоршаған орта мен жер қойнауы туралы мәселелерді реттейтін нормативтік актілер, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттама, қолданыстағы заңнамаға түсініктеме, халықаралық шарттар, сот тәжірибесі, ТМД Экономикалық Сотының құжаттары, құжаттардың үлгілері, заңгерлік терминдердің сөздіктері енгізілген.
           1.2. Жергілікті ___ инсталляцияда (немесе Желінің  ______________ пайдаланушысын қосу мүмкіндігімен) мемлекеттік және орыс тілдерінде Деректер базасының желілік нұсқасын пайдалануға беру және абоненттік қызмет көрсету.
          1.3. «Заң» Деректер Базасына қызмет көрсету мерзімі 20__ жылдың ________ ________ дейін. 
 
2.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
         2.1. Өнім беруші:
           а) Тапсырыс берушіге Шарттың 3.1.-тармағында көзделген ақыны төлегеннен кейін жеті банктік күн ішінде Деректер базасын пайдалану үшін және _______________ электрондық кілтін беруге;
          б) Шарттың 3.2.-тармағында көрсетілген ақы төленген жағдайда, ай сайын Деректер базасына абоненттік қызмет көрсету (Тапсырыс берушінің өкілімен Өнім берушінің аумағында DVD дискілердегі жаңартуды алу немесе жаңарту файлдарын оларды қалыптастырған жағдайда электрондық поштамен немесе Интернетпен алу; Өнім берушінің өкілімен Тапсырыс берушінің аумағында DVD дискілердегі жаңартуды беру) мүмкіндігін беруге;
           в) Деректер базасының жаңа болжамдары жасалған жағдайда, олармен Тапсырыс берушіні қамтамасыз етуге;
           г) Тапсырыс берушінің қалауымен оның өкілін Деректер базасының бағдарламалық қабықшасымен жұмыс жасау әдістемесіне үйретуге;
           д) Өнім берушінің кінәсынан туындаған «Заң» ДБ жұмысындағы жаңылысты Тапсырыс берушіден хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде (қала аумағында) жоюға міндеттенеді.
          2.2. Тапсырыс беруші:
           а) Шартқа отырғаннан кейін бес банктік күн ішіндеосы Шарттың 3.1-тармағына сай көрсетілетін қызмет құнын төлеуге;
          б) Өнім берушіден қосымша жазбаша рұқсат алмай тұрып Деректер базасының ізденіс бағдарламалық қабықшасы мен оның файлдарын заңсыз жолмен көшірмеуге және таратпауға, сондай-ақ электрондық кілттерді (Деректер базасын қорғау құралы) өзгелерге бермеуге;
          в) Деректер базасының мәтіндерін коммерциялық мақсатпен қағазға басып шығармауға, көбейтпеуге және таратпауға;
          г) Өнім берушінің жазбаша келісімінсіз бағдарламалардың орындалатын кодтары мен жұмыс технологиясын өзгертпеуге;
          д) Деректер базасына көрсетілетін абоненттік қызмет көрсету үшін уақтылы ақы төлеуге; 
          е) электрондық кілтті жоғалтқан немесе сындырып алған кезде кілттің ___________ (___________)  теңге мөлшердегі құнын төлеуге міндеттенеді.
          ж) электрондық кілттің сақталуына, Өнім берушіден Деректер базасының жаңартуын, шот-фактураны, көрсетілген қызмет актілерін алуға, оларға уақтылы қол қоюға және Өнім берушіге қайтаруға жауапты қызметкерді белгілеуге;
     Тапсырыс берушінің нақты (заңды, электрондық) мекен-жайы, сондай-ақ жауапты қызметкері ауысқан жағдайда, Өнім берушіге жедел хабарлауға;
         з) Деректер базасы жұмысындағы ақаулар жөнінде Өнім берушіге уақтылы хабарлауға міндеттенеді.  
           
3. АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
      3.1. Деректер базасын пайдалануға беруге ақы төлеу бір рет қосылған құн салығын қоса есептегенде__________ (__________________________________________) теңге мөлшерінде жүзеге асырылады.
3.2. Деректер базасына абоненттік қызмет көрсету үшін ақы төлеу _________ _________ ай сайын қосылған құн салығын қоса есептегенде(______________________________________________________________________) теңге мөлшерінде жүзеге асырылады.
 3.3. Қосылған құн салығын қоса есептегенде Шарттың жалпы сомасы ____________________ (_____________________________________) теңгені құрайды.
     
4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
     4.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
     4.2. Өнім беруші Шарттың 2.1.-тармағында («а»-тармақшасы) көзделген талаптарды бұзған жағдайда, мерзімі өткен әр күн үшін Тапсырыс берушіге Шарттың 3.1-тармағымен көзделгенқызметтер құнының 0,2% мөлшерінде айыппұл төлейді.
     4.3. Өнім беруші Шарттың 2.1.-тармағында («б»-тармақшасы) көзделген талаптарды бұзған жағдайда, Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарттың 3.2.-тармағында көрсетілген қызметтер құнының 10% мөлшерінде айыппұл төлейді.
      4.4. Тапсырыс беруші Шарттың 2.2.-тармағында («б» және «в»-тармақшалары) көзделген талаптарды бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші осы Шарттың 3-бөлімінің 3.3-тармағымен көзделген қызметтер құнының 10% мөлшерінде Өнім берушіге айыппұл төлейді және Шарттың қолданылу мерзімі тоқтатылады.
      4.5. Тапсырыс беруші Шарттың 2.2.-тармағында («г»-тармақшасы) көзделген шарттарды бұзған жағдайда, Өнім беруші берілген Деректер базасының жұмысқа жарамдылығы үшін жауапкершіліктен босатылады, Шарттың қолданылу мерзімі тоқтатылады. Сонымен бірге Тапсырыс беруші Өнім берушіге нақты көрсетілген қызмет құнын және Өнім берушіге келтірілген шығынды төлейді.
      4.6. Егер Өнім беруші Деректер базасының жұмысқа жарамсыздығы жөнінде хабарлама алмаса, онда абоненттік қызмет көрсету үшін ай сайынғы ақы төлеу толық мөлшерде алынады.
      4.7. Тапсырыс берушінің компьютеріндегі, оның техникалық және бағдарламалық талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ жүйе қызметіндегі жаңылыс және басқа да ақаулардан болған Деректер базасының жұмысындағы ақаулар үшін Өнім беруші жауапкершілікте болмайды.
 
5. БАСҚА ТАЛАПТАР
       5.1. Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________ дейін әрекет етеді.
       5.2. Шарт Тараптар келісімімен немесе Тараптардың бірінен жазбаша хабарлама алған күннен бастап бір ай өткеннен кейін біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.
       5.3. Тапсырыс беруші Шарттың 3.2.-тармағын үш ай бойы орындамаған жағдайда, оның қолданылу мерзімі тоқтатылады.
       5.4. Шарт заңдық күші бірдей екі данада жасалды.
       5.5. Тараптардың қайсысына болмасын белгісіз бір себептерге байланысты Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауға мүмкіндік бермейтін жағдайлар (форс-мажор) тап болса, Тараптардың ешқайсысы да өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауап бермейді.
        5.6. Тараптар бір-біріне Шарт бойынша міндетемелердің орындалуы жөнінде ақпарат береді. Қызмет көрсету фактісі Тараптардың қол қойған актісімен расталады.
        5.7. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар егер олар жазбаша нысанда жасалған болса және Тараптардың соған уәкілетті өкілдерімен тиісінше қолы қойылған жағдайда жарамды болып табылады
         5.8.. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалатын орны ____________ қаласы болып табылады. 
 
6. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Өнім берушіден:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8, Министрліктер үйі
СТН 600700099242, БСН 990540004034                
ЖСК KZ806010111000188627
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да, БСК HSBKKZKX
Белгіленген төлем коды 851, Кбе 16
18.12.2009 ж. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы 62001 №0005412
 
_____________________
_____________________  
М.о.
 

 

Тапсырыс берушіден:
________________________________________

М.о.

 
Орындаған: _______________

Тел.: _______________