Кәсіпорын туралы

1993 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығына қол қойылды. Оның 8-тармағында Республикалық құқықтық ақпарат орталығын құру жөнінде айтылған болатын.

2013 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына 20 жыл толды. Өзінің қалыптасу жолында РҚАО Әділет министрлігінің шағын бөлімінен дамыған филиалдық желісі бар дербес компанияға дейін өсті және Қазақстанның ақпараттық-құқықтық қызмет көрсету нарығында жетекші орынды берік иеленді. Компания алдында тұрған міндеттерді есепке ала отырып, бүгінгі таңда РҚАО - мемлекеттің ақпараттық-құқықтық саясатын уағыздаушы болып табылады деп, сеніммен айтуға болады.

Кәсіпорын қызметінің мәні Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін жүргізу болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік орган, басқа да заңды және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық электрондық бақылау банкінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз етуге қатысу, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік органдардың, өзге де заңды және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинау, есепке алу және сақтау,  әрі оның деректер базасын қалыптастыру;

2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосылуға тиісті нормативтік құқықтық актілерді жинау, есеп жүргізу, сақтау, және оның дерекқорын қалыптастыру;

3) жергілікті және он-лайн тәртібінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін қамтитын жүйелендірілген әрі түпкілікті деректер базаларын қалыптастыру, жүргізу;

4) құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесін шарттық негізде қолдана отырып нормативтік құқықтық актілерді, басқа да құқықтық ақпаратты ұсыну;

5) ақпараттық технологиялар саласында қызметтер көрсету;

6) заңнама салалары бойынша тақырыптық жинақтар, өз қызметінің бейіні бойынша анықтамалық-әдістемелік құралдарды басып шығару, сондай-ақ  редакциялық-баспа қызметтерін көрсетуге қатысу;

7) басқа мемлекеттермен ақпараттық байланыстар мен Деректер банкісін алмасуды жүзеге асыру;

8) пайдаланушыларды құқықтық ақпараттың қолданылатын жүйелері бойынша, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ есептеу желілері мен жүйелерін пайдалану бойынша оқыту.

Қызмет барысы:

  • Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін жүргізу;
  • «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі;
  • «Заң» деректер базасын қалыптастыру;
  • заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық-құқықтық қызмет көрсету;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсын сүйемелдеу;
  • ҚР ӘМ құқықтық ақпараттық қызметі;
  • ҚР ӘМ Жаршысы.